Мектебімізде оқушыларды білімге, интеллектке баулу аясында “SMARTBALA “ лагері өз жұмысын бастады.
Бұл лагерьде:
Оқушылар жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың негізгі мүмкіндіктерін біледі.
Робототехника және бағдарламалау бойынша бастапқы дағдыларды меңгереді.
Шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері дамиды.
Командада жұмыс істеу және өз ойын еркін жеткізу дағдылары қалыптасады.
Заманауи технологияларды оқу мен күнделікті өмірде тиімді қолдана алады.
Ғылымға,инновацияға және жаңа білім алуға қызығушылығы артады.
Мақсаты:
Балалардың шығармашылық, зияткерлік және цифрлық қабілеттерін дамыту, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды тиімді қолдануға баулу, ғылым мен инновацияға қызығушылығын арттыру.

