Уақыт сақшылары

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ

№110 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

«УАҚЫТ САҚШЫЛАРЫ» және «SMARTBALA”

спорттық-туристік және білім жолын іздеу жазғы лагеріні ашылып,өз жұмысын істеп жатыр.

ТҮСІНІК ХАТ

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, туристік және спорттық дағдыларын дамыту – мектеп алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

«Уақыт сақшылары» лагерінің ерекшелігі – балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында барлық іс-шаралар уақытқа саяхат форматында ұйымдастырылады. Қатысушылар әр күн сайын адамзат тарихының белгілі бір кезеңіне саяхат жасап, түрлі тапсырмалар мен квесттер орындайды.

Бағдарлама спорттық, туристік, патриоттық, экологиялық және шығармашылық бағыттарды қамтиды және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен кіріктіріледі.

МАҚСАТЫ

Оқушылардың денсаулығын нығайту, туристік мәдениетін қалыптастыру, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру және белсенді өмір салтын насихаттау.

МІНДЕТТЕРІ

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Туристік дағдыларды дамыту;
  • Командалық жұмысты жетілдіру;
  • Патриоттық және экологиялық тәрбие беру;
  • Шығармашылық қабілеттерді дамыту;
  • «Адал азамат» құндылықтарын насихаттау.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Лагерь соңында оқушылар:

  • туристік құралдарды қолдануды меңгереді;
  • бағдарлау және қауіпсіздік ережелерін біледі;
  • топпен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастырады;
  • спорттық белсенділігін арттырады;
  • туған ел тарихына қызығушылық танытады.

КҮН ТӘРТІБІ

08:30–09:00 – Балаларды қабылдау
09:00–09:20 – Таңғы жаттығу
09:20–09:40 – Көңілді флешмоб
09:40–10:00 – Күн тапсырмасымен таныстыру
10:00–12:00 – Негізгі іс-шара
12:00–13:00 – Спорттық жарыстар
13:00–14:00 – Түскі ас
14:00–15:00 – Шығармашылық жұмыс
15:00–15:40 – Квест / ойын
15:40–16:00 – Қорытындылау