BalaFest

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ

№110 МЕКТЕП

«BalaFest» бастауыш лагерінің ашылуы

ТҮСІНІК ХАТ

Жазғы демалыс кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, денсаулығын нығайту және танымдық белсенділігін арттыру – мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

«BalaFest» бастауыш лагері балаларға қызықты әрі мазмұнды демалыс ұйымдастыруға бағытталған. Лагерь бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әзірленіп, ойын, шығармашылық, спорттық және танымдық іс-шараларды қамтиды.

Лагерь барысында балалар достық қарым-қатынас орнатып, түрлі байқауларға, спорттық ойындарға, шеберлік сағаттарына, танымдық сабақтарға және мәдени іс-шараларға қатысады. Барлық жұмыстар қауіпсіз ортада ұйымдастырылып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады.

Бағдарлама «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен сабақтастырылып, балалардың бойында жауапкершілік, достық, еңбекқорлық, құрмет және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады.

МАҚСАТЫ

Бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

МІНДЕТТЕРІ

  • Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Танымдық қызығушылықтарын арттыру;
  • Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
  • «Адал азамат» құндылықтарын насихаттау.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Лагерь соңында оқушылар:

  • жаңа достар табады;
  • шығармашылық қабілеттерін дамытады;
  • спорттық белсенділігін арттырады;
  • топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады;
  • қауіпсіздік ережелерін меңгереді;
  • мектепке деген жағымды көзқарасын нығайтады.

КҮН ТӘРТІБІ

09:00-09:10– Балаларды қабылдау

09:10–09:30 – Таңғы жаттығу

09:30–10:00 – Таңғы ас

10:00–11:00 – Негізгі іс-шаралар

11:00–12:00 – Қимылды ойындар және спорттық жарыстар

12:00–12:30-Шығармашылық шеберхана

12:30–13:00– Түскі ас

13:00–13:15 –Үйге қайту.