Мектеп әкімшілігі

Мектеп директоры Макашева Маржан Солтанбековна

Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Турсунбаева Меруерт Женисовна

Нурмухаметов Арман Нурланович -директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, III санатты басшы және педагог-сарапшы. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің, Павлодар педагогикалық университетінің “Шетел тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша түлегі. Білім беру саласындағы еңбек өтілі -10 жыл. Облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының I дәрежелі, Республикалық пәндік олимпиадалардың I дәрежелі жүлдегері. Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

“Әр оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Әр бала – қайталанбас тұлға, сондықтан оның қабілетін ашу, қызығушылығын қолдау және сенімін арттыру – мұғалімнің басты міндеті” деген педагогикалық кредоны ұстанады.

Анарбек Аскар – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, III санатты басшы және педагог-сарапшы. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша түлегі. Білім беру саласындағы жалпы еңбек өтілі – 8 жыл. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңінің III дәрежелі дипломының иегері.

 «Сапалы білім — заман талабы, ал тиімді менеджмент — табысты мектептің негізі» деген педагогикалық кредоны ұстанады.

Еркегүл Төлеубек — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ІІІ санатты басшы және педагог-сарапшы. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінің түлегі. Білім беру саласындағы жалпы еңбек өтілі — 9 жыл.

Мейрбек Тайманұлы — тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары. Ол Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында, Сырым ауданында дүниеге келген.
Оның педагогикалық еңбек өтілі 12 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде ол жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып келеді.
Мейрбек Тайманұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде білім алып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген. Ол өз білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, білім алушылардың жан-жақты дамуына зор үлес қосып келеді. Өмірлік ұстанымы:
«Білім — адамды биікке жетелейтін ең құнды күш. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің мүмкіндігін ашу — менің басты міндетім. Үздіксіз ізденіс пен жаңашылдық қана білім саласын алға бастырады.

Амет Естай — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Тарих пәні : бакалавр» мамандығы бойынша түлегі. Білім беру сапасындағы жалпы еңбек өтілі — 20 жыл.

«Бүгінгі дұрыс тәрбие — ертеңгі адал азаматтың кепілі»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Имангазиновна Алмагуль Нурмашевна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Актоты Рахимберлиевна