
М.Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының базасында мектеп мұғалімдері мен директорлары арасында республикалық волейбол турнирі өтті. Жарысқа Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола обылыстарынан, сондай-ақ Астана қаласындағы білім беру ұйымдарынан 20-дан астам командалар қатысып, жүлделі орындарға таласты.
№68 мектеп ұжымы бұл турнирде белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спортқа деген ынтаны көрсете білді. Мұндай жарыстар педагогтердің салауатты өмір салтын ұстануына, командалық рухты нығайтуға жіне әріптестік байланысты арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
